
Қазақстанның балық аулауға арналған ең үздік суайдындары
Сіздерге Қазақстанның балық аулайтын жерлері, өзендері мен көлдері жайлы баяндап береміз.

Аңыздарды заманауи ақиқатпен сабақтастырған - Бәйтерек, бүгінгінің болмысымен белгісіз болашақтың бейнесін танытқан – Нұр Әлем, тарих тағылымын талғампаз сәулетпен үйлестірген – Хан Шатыр сияқты бірегей нысандарға бас шаһардың бар кереметі дарыған
Қазақстан астанасы – таңғажайып көркем Астана қаласы. Мұнда әр апта келіп, демалыс күндеріңізді өткізіп тұрсаңыз да жалықпайсыз. Астанамызда күннен күнге жаңа ғимараттар саны артып, қала тез арада кеңейіп барады. Қала ландшафтында жасыл желектер күн сайын артуда; қаладан жаңалық пен заманауилық лебі сезіледі.
Егер де жаныңызға футуристік ғимараттар, кең даңғылдар мен көшелер жақын болса, онда сол жақ жағалауға қош келдіңіздер! Яғни, Есіл өзені қаланы екіге: оң жақ жағалау мен сол жақ жағалауға бөліп тұр. Сол жақ жағалауда баршамызға танымал Астана қаласының көрікті орындар орналасқан:
Ескі қаланың байсалды әрі жылы атмосферасын таңдайтын жандарға оң жақ жағалау нағыз жаңалық іспеттес. Қаланың бұл бөлігі сол жақ жағалаудан қатты ерекшеленеді: 100 жыл бұрын салынған көне ғимараттардың көрінісі, Кеңес одағы дәуірінен қалған үйлер сізге өткен шаққа сапар шегуге мүмкіндік береді.
Өнер сүйер жандарды сонымен қатар:
Спорт сүйер қауым астананың қызықты спорттық өмірін, халықаралық турнирлер мен түрлі матчтарды келесі спорттық ареналарда тамашалай алады:
Бұл – Қазақстан астанасының, сіз үшін дайындаған көрікті орындардың аз бөлігі ғана. Олардың саны өте көп, сондықтан барлығын асықпай қарап шығу үшін сізге бір емес, бірнеше күнге қалуға кеңес береміз.




