Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
Сайтқа өту1991 жылы егемен ел ретінде тарих сахнасына шыққан Қазақстан Республикасы өзінің дара даму жолын таңдап, әлемдік қауымдастықтың толыққұқылы мүшесі ретіндегі орнын айқындады. Сол сәттен бастап, еліміз жаңа тарихты құрастыруда. Сол жаңа тарихтың шежіресі ретінде ҚР Тұңғыш Президенті мұражайын тани аламыз.
Мұражай Нұрсұлтан Назарбаев президенттік қызметін атқарған бұрынғы резиденцияда орналасқан. Оның қорында кітаптар, мұрағаттық құжаттар, суреттер, мүсіндік бейнелер және елбасының жеке марапаттарын біріктіретін 40 000-нан астам жәдігер бар. Мұражайдағы ең қызықты көрмелердің бірі "Мемлекет және Әлем" көрмесі. Мұнда түрлі елдердің басшылары, қорлар, ұйымдар мен компаниялар тарту еткен, жалпы саны 150-ге жететін, сыйлықтар қойылған. ҚР Тұңғыш президенті мұражайында экспозициялық-көрмелік және ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылып, соның нәтижесінде мұнда тұрақты түрде экскурсиялық лекциялар, ғылым қайраткерлерінің симпозиумдары, пікір-талас клубтары ұйымдастырылады.