"Қазақ елі" монументі
Еліміздің егемендігін арқау еткен ескерткіш
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- "Қазақ елі" монументі
"Қазақ елі" монументі
Тәуелсіздік алаңының қақ ортасында бой түзеген "Қазақ елі" монументі Астана қаласының көрнекті орындары қатарын толықтырғалы ұзақ уақыт өткен жоқ. Бұл - әр қырына Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихындағы елеулі оқиғалар бедерленген ақ мәрмәрдан соғылған төртбұрышты іргетасқа орнатылған ақ мұнара. Еліміз тәуелсіздік алған кез - 1991 жылға сәйкестендірілген құрылыс биіктігі 91 метрге тең.
"Қазақ елі" кешені - егемендігіміздігімізбен қатар, тарихымыз бен мәдениетімізді әуелетіп тұр. Ал мұнараның ұшар басына қонған Самұрық құс Қазақстанның үздіксіз өсу мен дамуға деген ұлттық ұмтылысын кейіптейді.


Загрузка лучшей карты в мире...