Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы
Сайтқа өтуАстана қаласының бірегей құрылысы - Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы - еліміздің бай тарихы жайлы сыр шертетін баға жетпес асыл мұрамыз. Бүгінгі таңда Орталық Азиядағы ең ірі мұражай ретінде танылған мәдениет пен тарих ордасында аса құнды археолгиялық ескерткіштер мен жәдігерлер жинақталған. Мұражаймен өз бетіңізбен танысар болсаңыз да, танымды серуеніңізге экскурсоводты серік етсеңіз де Қазақстан жайлы біліміңізді тереңдетіп, керемет әсерлерді олжалап қайтарыңыз анық.
Мұражай заманауи мультимедиялық техникамен жабдықталған. Ежелгі және ортағасырлық тарих залы, екі бірдей "Алтын залы", Заманауи өнер және Көрме залдары, Этнография және Қазақстан залдарын біріктірген Ұлттық мұражай - тарихымыздың тұңғиығына бастар тамаша саяхат мекені.