ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы

Түрлі дәуірлердің тарихы жайлы сыр шертетін әскери жәдігерлер сақталған бірегей мұражай.
  1. Басты бет
  2. Туристік көрікті жерлер
  3. ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы

 Әскери-тарихи мұражай еліміздегі техникалық жабдықтамасы ең озық мұражайдың бірі. Ол бірегей экспозицияларымен туристерді таң-тамаша қалдыратын бірнеше залдан тұрады. Мұражайда орнаған күй-жайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, шеберлердің тыңғылықты еңбегі нәтижесінде, келушімен қауышқан жәдігерге жан біткендей сезіледі. Ал сондай "тірі" жәдігерлердің ұзын саны 6000-ға жетеді.

 Мұражайдағы не нәрсе жайлы айтсаңыз да: хаттар, құжаттар, әскери қару-жарақ, барлығы да Қазақстанның ежелгі замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихын бейнелейді, баяндайды. Қалауыңыз болса, кей жәдігерлерді қарап қана қоймай, ұстап көруге де рұқсат етілген. ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы соғыстың зардап-залалын ұғынып, батыр бабаларымызды ұлықтап, тағылымды тарихымыз жайлы тың мәліметтермен танысуымызға керемет мүмкіндіктер береді.


Загрузка лучшей карты в мире...