
Қазақстанның балық аулауға арналған ең үздік суайдындары
Сіздерге Қазақстанның балық аулайтын жерлері, өзендері мен көлдері жайлы баяндап береміз.

Ұлттық саябақтар аясында табиғатпен етене жақындасып, көрнекті орындарда тарихпен тілдесуге мүмкіндік беретін, шаңғы курорттарында денені шынықтырып, шипажайлардағы емі жан мен тәнге медеу болатын бұл жер – Қазақстанның туристік Жерұйығы іспеттес
Алматы облысы қарама-қайшылықтардың керемет үйлесуімен және жүз шақырым сайын ауысып отыратын керемет пейзаждарымен таңғалдырады: таңертең 2510 метр биіктіктегі Үлкен Алматы көлінде болып, түстен кейін шөл далада, Айғай құмның бөктерінде тұруыңыз әбден мүмкін!
Алматы облысының көрікті жерлері:
Алматы облысында ауа-райы жылдың әр кезінде қуантады: көктемнен бастап, күздің ортасына дейін температура деңгейінің +20 градустан төмен түсуі сирек; қыстыгүні де жылы болады - қаңтардың орташа температурасы -5 градус.




