
Қазақстанның балық аулауға арналған ең үздік суайдындары
Сіздерге Қазақстанның балық аулайтын жерлері, өзендері мен көлдері жайлы баяндап береміз.

Саф ауа, айдыны айнадай көлдер, ну орман, тасын түртсе тарихы сайрайтын тылсым таулар. Аталғанның барлығы Сарыарқадағы әсем шұрат –Бурабай мен Зерендінің иелігіне шоғырланған. Мұндағы денсаулықты нығайтар мекемелердің де саны көп
Ақмола облысының орталығы – Көкшетау қаласын жан-жағынан таң қаларлық табиғат қоршап жатыр. Қаладан небәрі 60-70 шақырым жерде таулар мен шыршалы ормандарға, керемет көркем таулы көлдің жағасына жетесіз. Дәл осы облыста Зеренді мен Бурабай курорттары орналасқан, бұл жерлерде демалып қана қоймай, шипажайларында денсаулықты да жақсартуға болады.
Ақмола облысының көрікті жерлері:
Туристерді бұл аймаққа еліктіретін тек табиғат емес. Ақмола облысында өлкенің көне тарихын сипаттайтын көптеген мұражайлар мен сәулет ескерткіштері бар.
Мамыр айынан қазан айына дейін бұл облыста ауа-райы өте керемет, орташа +25 градус болады. Бұл – тауға шығу, жазда жағажайда демалу, күзде саңырауқұлақтар мен жидектер жинау уақыты. Қыс түскенде, ауа райы -30-ға дейін суыса да, қарлы саяхатты ұнататындардың сүйікті кезеңі келеді: бұл кезде мұз астынан балық аулау, коньки, шаңғы және сноуборд тебу және басқа қызықтар мол. Ақмола облысы өз қонақтарына жыл он екі ай бойы белсенді демалыс сыйлауға дайын!




