Page Not Found
- Басты бет
- Page Not Found

Алакөл – Шығыс Қазақстан облысында орын тапқан, суы – ем, айдыны – асыл көл.

Марқакөл көліне сапар өзінің табиғи сұлулығының көптеген ұмытылмас естеліктерін қалдырады.

Қарағайлы орманның қойнауында орналасқан Бұқтырма суқоймасы – жағажайлық демалыс пен балық аулауға әуес туристер үшін аса тартымды айдын.

Шығыс Қазақстанға сапармен баруға шешім қабылдағандардың барлығына Катонқарағай мемлекеттік табиғи саябағына бару ұсынылады.

Тау шалғындары, тайга және тундра, сондай-ақ, кішігірім ормандар түріндегі олардың жапырақты нұсқалары.

Емдік қасиетке ие ыстық қайнарларымен аты шыққан Шығыс Қазақстанның нағыз табиғи қазынасы

Бұл жер келушілерді ашылмаған сыр-құпияларымен және ежелгі дәуірдің тарихи-мәдени мұрасымен танысу мүмкіндігімен қызықтырады.

Қазақ даласының ұлан-ғайыр сахарасында өшпес отқа оранған тылсым алқап бар. Бұл – таңғажайып Қиынкеріш.
Қонақтарын алғашқы қадамынан-ақ қызығы мен кереметі құбылған әлемге аттандыратын бұл мекенде: этноауыл, хайуанаттар бағы, түрлі қалып пен сарындағы бақтар және басқа да көңілді көтеріп, танымды кеңейтер дүние өте көп.

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары тізіміне алғашқылардың бірі болып енгізілген. Көне түркі дәуірінен бастау алып, аңызға айналған бұл махаббат оқиғасы толассыз ғасырлар сынынан өтіп, халық жадында мәңгіге сақталмақ.

Кенді Алтай – қойнауы қазыналы, бауырайы – шұрайлы өлке. Тау самалы, мөлдір бұлақтар жаздың аптабынан сая іздеген жанның аңсағанын алдына келтіреді. Құрамына қарай «Радонды» аталған Подбелковое көліне жетер жолдың өзінде бір бұлақты жеті рет кезіктіресіз!

Үш ағайын шыңы – Риддердің ең жарқын белгісі, қаланың ресми таңбасына түскен басты нышаны. Тайганың төрінде бой түзеген қаланың қай тұсынан айналаңызға көз салсаңыз да қос жанарыңыз осынау үш асқардың маңғаз сұлбасына келіп сүрінгендей болады.