
Туристік нысандар
Қазақстанның табиғи, сәулеттік, мәдени және тарихи нысандары. Республика бойынша сіздің жолсеріктеріңіз - Kazakhstan Travel.
- Басты бет
- Туристік нысандар

Қазақстанның табиғи, сәулеттік, мәдени және тарихи нысандары. Республика бойынша сіздің жолсеріктеріңіз - Kazakhstan Travel.

Жыл өткен сайын Хан Тәңірі шыңын көріп, табиғат аясында бой сергіте демалу үшін Баянкөлге асыққан туристер мен альпинистер қатары артып келеді.

Жіңішке шатқалы - бастапқы қалпындағы тылсым сұлулығын сақтап қалған ерекше орын.

Мұнда шыршалы нудың арасында барқыт мүктен жайылған қалың "кілемді" тамашалай аласыз. Солтүстіктің тік беткейлеріндегі мәңгі тоңды бүркеп жатқан мүк жамылғысының қалыңдығы 60 см-ге дейін жетеді.

Туристер арасындағы асқан танымалдылығына қарамастан, Қора шатқалы өзінің бастапқы қалпын, қайталанбас көркемділігін сақтап қалған бірегей орын.

Қазақ даласының ұлан-ғайыр сахарасында өшпес отқа оранған тылсым алқап бар. Бұл – таңғажайып Қиынкеріш.

Теректі әулие – Ұлытау жерінің қадір-қасиетін еселеп тұрған ерекше нысан. Мұнда сонау қола дәуірінде тасқа қашалған бейнелердің Орталық Қазақстандағы ең құнды топтамасы сақталған.