Оралдықтар Жебеуші Христос шіркеуін "Алтын шіркеу" деп дәріптейді.
Қонақтарын алғашқы қадамынан-ақ қызығы мен кереметі құбылған әлемге аттандыратын бұл мекенде: этноауыл, хайуанаттар бағы, түрлі қалып пен сарындағы бақтар және басқа да көңілді көтеріп, танымды кеңейтер дүние өте көп.
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары тізіміне алғашқылардың бірі болып енгізілген. Көне түркі дәуірінен бастау алып, аңызға айналған бұл махаббат оқиғасы толассыз ғасырлар сынынан өтіп, халық жадында мәңгіге сақталмақ.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі – Кіші жүздің тұңғыш ханы Әбілқайырдың жарына арналып салынған ХV ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.
Әбділ-Әзиз баб кесенесі
Қарашаш ана кесенесі бүгінгі Сайрам, кешегі Испиджабтың аумағында ХІХ ғасырда бой көтерген тарихи ескерткіш.
Түркістан өңірінің киелі орындарын араламақ болсаңыз, сапарыңыздың бағдарына міндетті түрде Үкаша ата кесенесі мен суы шипалы құдығын қосыңыз.
Қызыр мұнарасы – көне Испиджаб аумағындағы бүгінге дейін сақталған жалғыз мұнара.
Мұнда Әулиелердің мүрделері және Құдай Ана мен Алматының митрополиті Әулие Николайдың аса бағалы иконалары орналасқан
Шымкенттің орталық мешіті – Ақмешіт – Түркістан облысындағы ең ірі ислам ордасы болып табылады.
Қошқар ата кесенесі Шымкенттің қақ ортасымен ағып жатқан Қошқар ата өзенінің жағасында орналасқан.
«Керуен сарай» ашылған сәттен-ақ Түркістандағы туристер жетуге асыққан орынға айналды.