
Туристік нысандар
Қазақстанның табиғи, сәулеттік, мәдени және тарихи нысандары. Республика бойынша сіздің жолсеріктеріңіз - Kazakhstan Travel.
- Басты бет
- Туристік нысандар

Қазақстанның табиғи, сәулеттік, мәдени және тарихи нысандары. Республика бойынша сіздің жолсеріктеріңіз - Kazakhstan Travel.

Үш ағайын шыңы – Риддердің ең жарқын белгісі, қаланың ресми таңбасына түскен басты нышаны. Тайганың төрінде бой түзеген қаланың қай тұсынан айналаңызға көз салсаңыз да қос жанарыңыз осынау үш асқардың маңғаз сұлбасына келіп сүрінгендей болады.

Бөлектау – Бурабайдың бойында орын тапқан табиғи шолу алаңы. 147 метр биіктіктен Көгілдір шығанақ, Жұмбақтас пен Оқжетпес, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдері сияқты, осы өңірдің басты көрнекті орындарына керемет көріністер ашылады.

Төңкерілген тас кеме іспеттес Боқты тауы – Маңғыстаудағы ең көрікті табиғи орындардың бірі де бірегейі.

Сонау 18 ғасырда немістің атақты табиғат зерттеушісі Питер Саймон Паллас Индер тауын табиғаттың кереметі деп атаған.

2014 жылы Қазақстанның сегіз нысаны Ұлы Жібек жолының құрамдас бөлігі ретінде ЮНЕСКО ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді

Бұл трансшекаралық объект (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) Тянь-Шань Орталық Азия тау жүйесінің бөлігі болып табылады.