«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Шаңғы спортына әуес , асқар тауларға асық әр адам Шымбұлақтың төрінде іздеген игілігін табары анық.
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
«Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты
Сайтқа өтуСаф ауамен тыныстап, көркем көріністерді тамашалап, Табиғат-Ананың аясында сарқылмас күш-қуатқа кенелгеннен асқан бақыт бар ма? Иә, егер сіз Шымбұлақта болсаңыз. Бұл тау-шаңғы курорты жоғарыда аталғанға қоса, тау шаңғысына керемет бейімделген бейкейлер мен әлемдік талаптарға сай спорт алаңдарын ұсынады.
Іле Алатауы шатқалында, қала орталығынан небәрі 30 минут қашықта орналасқан тау-шаңғы курорты қысы-жазы қала тұрғындары мен қонақтарын қуантар қызықтарға толы. Тек жолға шықпастан бұрын, мұндағы ауа температурасы қаладан 10 градусқа төмен болатынын ескеріп, жылы киінсеңіз болғаны.
Белсенді демалыс, әсем табиғат, ұмытылмас естеліктер мен жарқын сәттер сізді күтуде!


Загрузка лучшей карты в мире...