Саура шатқалы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- Саура шатқалы
Саура шатқалы
Ескерткіштің сипаттамасы: Алғаш рет 07.05.1993 жылы облыс әкімінің №487 шешімімен мемлекеттік қорғауға алынған. Саура жерінің туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2014 жылы археолог А.Астафьевтің жетекшілік етуімен Саура бекінісіне археологиялық зерттеулер жүргізілді.
Қазіргі таңда Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар №3 қаулысы бойынша Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Саура бекінісінің қираған үйіндісі бұрыннан белгілі. Бекініс қабырғаларының қалдықтары 30 м созылып жатқан шойын тас үйінділеріне айналған. Сай түбінде сулы сазды мергель қабаттарынан аққан бұлақтардан жиналған тұнық сулы Қаракүп көлі орналасқан. Көлдің тереңдігі 5 метр. Бұл жерде бір топ су тасбақалары мекендейді.



