"Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық саябағы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық саябағы
"Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық саябағы
"Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи саябағы 149 мың гектар аумақты қамтиды және жазық далалы жерден биік таулы жерге дейінгі 7 табиғи аймақты біріктіріп жатыр. Бұл - шын мәнінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің көптүрлілігін білдіреді. Саябақ ерекшеліктерінің бірі - мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі кездесетіндігінде. Бұдан бөлек, "Сайрам-Өгем" ұлттық саябағында әртүрлі тарихи кезеңдердегі бірегей құрылыстармен, көне петроглифтермен және ежелгі халық қоныстарымен танысуға болады. Ұлттық саябақ үш бөліктен тұрады: қорық (оған кіруге тыйым салынған), рекреациялық (қалыпқа келтіретін) және туристік аудандар. Бұл жер күшті энергия мен жарқын әсер сыйлайтын, отбасымен немесе достарымен демалуға арналған керемет орын.


