Ақтөбе облыстық "Нұр ғасыр" орталық мешіті

"Нұр ғасыр" – діни маңызы мен салтанатты сәулеті үйлесім тапқан рухани орда.
  1. Басты бет
  2. Туристік көрікті жерлер
  3. Ақтөбе облыстық "Нұр ғасыр" орталық мешіті

Ақтөбе облыстық "Нұр ғасыр" орталық мешіті

Сайтқа өту

2008 жылы негізі қаланған "Нұр ғасыр" мешіті бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының орталық мешіті болып табылады. Ислам ордасының ашылу салтанатына Қазақстан және Ресей Үкіметтерінің өкілдері қатысқан болатын. Құрылыс қала тұрғындарының 4 жыл бойы жалғасқан қайырымдылығы нәтижесінде жиналған қаражат есебінен жүрді. "Нұр ғасыр" мешітінің жобасын әйгілі сәулетші Әнуар Саттаров әзірлеген. Мешіт шаршы пішінінде салынып, бұрыштарында 63 метрлік мұнаралар тұрғызылған. Ғимараттың орта тұсында алтын түстес 40 метрлік күмбез орнатылған. Мешітте бір мезгілде 3000 мың адамды сыйдыра алатын  кең зал бар. 500 адамға есептелген әйелдер залы  Бас күмбезді залдың үстінде, 2-ші қабатта орналасқан.

"Нұр ғасыр" – Ақтөбе қаласының негізгі көрнекті орындарының бірі. Мұнда келген әр адам жанына медеу болар тыныштық пен жұбаныш табары анық.


Загрузка лучшей карты в мире...