"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Сайтқа өтуҚазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 1996 жылы Ақмола облысы аумағында "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы құрылды. Ауданы 182 мың гектар жерді алып жатқан саябақ өзінің алуандылығы мен көркемдігімен сүйсіндіреді. Көкшетау жерінде бір-бірімен асқан үйлесімде тіршілік етіп жатқан аң-құстардың түрлері де, саны да өте көп.
Мұнда 185 көне мәдениет және тарих ескерткіші орналасқан. Өсімдіктің 800 түрі, жануарлардың 305 түрі(басым бөлігі Қызыл кітапқа енгізілген) кездеседі. Қалың қайыңды-қарағайлы ормандар да ерекше мақтаныш нышаны. Бұл аймақтағы әрбір көрнекті орын тағылымды тарих пен өзімен байланысты пайда болған наным-сенімдерге бай.
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы - қоршаған ортаның бастапқы қалпын сақтау және табиғаты бүлінбеген өңірде адамдар демалысын ұйымдастыру жұмыстарын басты міндет ретінде айқындаған табиғатты қорғау ұйымы.




