"Жер Ана" монументі
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- "Жер Ана" монументі
"Жер Ана" монументі
“Ордабасы“ алаңы- XVIII ғасырда үш жүздің басын қосу туралы шарт жасалған тарихи орын. Ол қазақтыңұлы билері – Қазыбек би, Төле би және Әйтеке би құрметіне аталған көшелерl34 қиылысында орналасқан. Дәл осы жерде 2009 жылы тәуелсіздіктің заманауи ескерткіші - “Жер-Ана” монументі салтанатты түрде ашылды. Биіктігі 34 метрді құрайтын үш қырлы стелланың ұшар басына «Жер-Ана» бейнесіндегі әйел сұлбалы мүсіні орнатылған. Ескерткіш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, бүгінгі күндегі қуатты мемлекет бейнесін және туған жермен бірлікте болу идеясын кейіптейді. “Жер-Ана” монументі – мемлекеттік егемендікті, шынайы патриотизм сезімін және туған жердің тарихына деген құрметті сақтаудың қажеттілігі жайындағы маңызды ескерту.

