М.Горький атындағы орталық саябақ

Мәдениет пен демалыс саябағы
  1. Басты бет
  2. Туристік көрікті жерлер
  3. М.Горький атындағы орталық саябақ

М.Горький атындағы орталық саябақ

М.Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағы- Алматының мәдени айнасына айналып үлгерген ең танымал көрнекті орындардың бірі. Саябақта орнаған ерекше көңіл-күй мен сансыз қызықтар қашанда оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарын өзіне еліктіріп келеді. Оның аумағына аттракциондар паркі, ашық аспан аясындағы аквапарк және соған қатысты дәмханалар, экстрим-парк, динопарк, Балалар қалашығы кіреді. Аттракциондардың көптігі сонша, үлкенді-кішілі барлық келуші өз қалауындағы ойын-сауықты табары анық. Ал әсерлер мен сезімдер аттракциондарын іздеген әуесқойларға экстрим-парк ерекше ұнайды. 

Динопаркте келушілер ғаламшарымыздың ең көне тұрғындары: Рекс тиранозаврімен, трицератопстармен, птеранодондармен және оладың басқа да замандастарымен жақыннан таныса алады. Саябақтың ең кішкентай қонақтарын нағыз ертегілер әлеміне жол салатын - Балалар қалашығына апаруға кеңес береміз. 

М.Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы - жақсылап көңіл көтеріп, сарқылмас күш пен жарқын естеліктерге кенелуге болатын керемет орын.


Загрузка лучшей карты в мире...