Достық үй

Маңғыстау облысындағы «Достық үйі» 2017 жылы «НКОК» компаниясы тарапынан әлеуметтік бағдарлама шеңберінде салынды.
  1. Басты бет
  2. Туристік көрікті жерлер
  3. Достық үй

Достық үй

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 мамырдағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының достық үйлерін дамыту тұжырымдамасында (одан әрі, тұжырымдама) айқындалған және барлық өңірлерде Достық үйлерін салуға тапсырма берілген. Тапсырманы іске асыру мақсатында, Маңғыстау облысында Досатық үйі ғимараты 2017 жылы салынды. Маңғыстау облысындағы «Достық үйі» 2017 жылы «НКОК» компаниясы тарапынан әлеуметтік бағдарлама шеңберінде салынды. Бұл көп функциялық үй. Бірінші қабатта 100 адамға арналған дөңгелек зал, 400 көрерменге арналған концерт залы, баспасөз мәслихатының залы, мемлекет басшысының арнайы кеңсесі, 4 президентік кабинеті орналасқан. Сонымен қатар, осы қабатта облыстық ардагерлер кеңесінің кабинеті мен ауған ардагерлері, кітапхана залы, асхана және музей жұмыс істейді. Екінші қабатқа 20 этномәдени бірлестіктер кабинеттері орналасқан. Мұнда бірнеше үкіметтік емес бірлестіктер, ән мен бидің шығармашылық топтары, 50 адамға арналған конференц зал, 90 адамға арналған кинотеатр, Ассамблея жастары, этномедиация орталығы жұмыс істейді. Үшінші қабатта «Қоғамдық келісім» КММ өздерінің қызметін белсенді жүргізеді. 2018 жылдың тамыз айында «Достық үйі» ғимаратының жоғары деңгейдегі мәжіліс залында 5-ші Каспий саммиті өтті, онда бес мемлекет басшылары: Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түрікменстан кездесіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы, Каспий теңізіндегі ынтымақтастық және аймақтық халықаралық мәселелер талқыланды. Мұнда халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі және басқа да іс-шаралар өткізіледі.