"Байқоңыр" ғарыш айлағы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- "Байқоңыр" ғарыш айлағы
"Байқоңыр" ғарыш айлағы
Сайтқа өтуТек бір ғана «ғарыш» сөзі көз алдымызға біздің миллиондаған жұлдыздарға толы шексіз әлемнің суретін елестетіп, қиялымызды қобалжытып, шаттық сезімін оятады. Әлемнің ғарыш саласының «алма-матері» – өткен ғасырдың 50-жылдарында құрылған Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан аумағында орналасқан. Адамның ғарышқа ұшуы осында болғаны құпия емес, ал қазір зымырандар мен серіктердің ұшырылуынан басқа, мұнда «ғарыштық турлар» да жүргізіледі.
Қазір «Байқоңыр» ғарыш айлағында туристерге арналған экскурсиялар ұйымдастырылады, онда адам және адамсыз басқарылатын ғарыш аппараттарының ұшырылуын бақылауға болады, «Гагаринский старт» деп аталатын 1-ші алаңды көріп өтуге болады. Туристерге ғарыш айлағының танымал кешендерімен және ғимараттарымен танысуға керемет мүмкіндік беріледі, ал оның мұражайы «Байқоңыр» құрылуының бүкіл тарихын және мұннан ғарышқа аттанған барлық батыр тұлғалар жайында егжей- барлық тегжейлерімен баяндап береді.


