Айрақты-Шоманай қалдық таулары

Айрақты-Шоманай жеріне жол тарқан саяхатшы ұмытылмас әсерлерге кенеліп, тылсым табиғат әлеміне бойлайды.
  1. Басты бет
  2. Туристік көрікті жерлер
  3. Айрақты-Шоманай қалдық таулары

Айрақты-Шоманай қалдық таулары

 Айрақты-Шоманай қалдық таулар жүйесі – Маңғыстау облысының басты табиғи құндылықтарының бірі. ХІХ ғасырда Қазақстанға жер аударылған украин халқының аса көрнекті ақыны, әйгілі суретші Тарас Шевченко осы өңірді қағазға түсіріп, "Қамалдар алқабы" атты көркемсурет топтамасын жарыққа шығарды. Шынымен де, Т.Шевченконың шабытын оятқан Айрақты-Шоманайдың тылсым тауларына бір қарағаннан-ақ таңғажайып ертегі желісінің тастағы көрінісін тамашалағандай сезім пайда болады. Саяхат барысында тізіле тұрған "қамалдардың" қожайыны – ай мүйізді Үстірт арқарларының тіршілігімен таныса аласыз. Көктем келісімен соғды қызғалдағы құлпыра гүлдеп, Айрақты-Шоманайдың тас алқабы нәзік реңдермен ажарлана түседі.


Загрузка лучшей карты в мире...