Ежелгі Отырар қалашығы

Орталық Азия аумағындағы ең көне қалалардың бірі
  1. Басты бет
  2. Туристік көрікті жерлер
  3. Ежелгі Отырар қалашығы

Ежелгі Отырар қалашығы

Ертеректе "Фараб" деген атаумен белгілі Отырар - Орталық Азиядағы ең ежелгі шаһарлардың қатарына кіреді. Ол сауда, қолөнер, білім мен шығармашылық ордасы болумен қатар, дипломатиялық және әскери-стратегиялық тұрғыдан зор маңызға ие болды. Өткен ғасырда жүргізілген алғашқы қазба және зерттеу жұмыстары нәтижесінде Отырардың келбеті қалыптаса бастады: көне сарай, мешіттер мен моншалар табылды. Сол кезде жиналған түрлі қыш ыдыстар, металлдан жасалған құралдар, сан ғасырлық тарихы бар тиындар мен зергерлік бұйымдар бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұражайларда сақтаулы тұр.

Екі мың жылға жуық уақыт "өмір сүрген" Отырар осы сәтте баға жетпес рухани құндылығымыз, ескерткіштерді сақтау жөнінде ЮНЕСКО ұйымымен бірлескен жұмыс жүргізілетін бірегей тарихи орын.

Талай тартысқа куә болған Отырар - әр келген қонағын түпсіз тарих тұңғиығына еліктіріп әкетері анық!


Загрузка лучшей карты в мире...