«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені
«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені
Сайтқа өтуОтан сатқындары әйелдерінің Ақмоладағы лагері - әр түйір топырағы мұң-налаға толы, әр тасында тұтқында болған 18 мың әйелдің қайғы-қасіреті жасырылған орын. Бұл жерге аяқ басқан әр адамның көңілі құлазып, көзі жасқа толары анық. Мұндағы "Қасірет қақпасы"(арасынан өткен кезде әр келуші басын төмен түсіріп, тағзым білдіруі тиіс), "Сталиндік вагон", «антикеңестік әрекеттерге баруы ықтимал, әлеуметтік қауіпті» деп танылған тұтқын әйелдер тұрған барак терең мағыналы, санаға салар салмағы ауыр туындылар.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені - жүрекке үрей ұялатар орын екенін жоққа шығара алмаймыз. Әйтсе де, кей "халық көсемдерінің" санасыз саясаты мен соқыр озбырлығының ауыр зардаптары мен сұмдық салдарын танытатын аса маңызды тарихи нысан ретіндегі құндылығы да күмәнсіз.



