Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
- Басты бет
- Туристік көрікті жерлер
- Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы
Сайтқа өтуАлматы облысында орналасқан Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы еліміздегі қорғауға алынған ең ірі аймақтардың қатарында саналады. Саябақ бедерінің алуандылығымен ерекшеленетін 500 мың гектар жерді алып жатыр. Соның нәтижесінде Алтынемел аймағында өсімдіктер мен жануарлардың өте көп түрі өзара үйлесімділікте тіршілік етуде.
Саябақ құрамында аздаған самал жел соқса "әндетіп" сала беретін Айғай құм, сақ қорғандары табылған "Бесшатыр" кешені, таңғажайып көріністері үшін "ай бейнелі" аталып кеткен борлы Ақтау таулары сияқты, өзге өлкеде кездеспейтін, мәдени-тарихи ескерткіштер жетерлік.
Алтынемел ұлттық саябағы - қазақстандықтар үшін ерекше құндылыққа ие мұра болса, шетелдік саяхатшылар үшін сыр-құпияға толы "сандықтай" көрінеді.


