Көлік инфрақұрылымы
- Басты бет
- Көлік инфрақұрылымы
Аэропорт, вокзалдар, көлік вокзалдары – көлік инфрақұрылымы жайындағы қысқаша ақпарат
Әуе көлігіҚазақстанда көлік инфрақұрылымы жақсы дамыған деуге болады. Елде 20 ірі әуежай бар, олардың ішіндегі 11-і халықаралық тасымалдарға қызмет етеді.
Темір жол көлігіАлайда, жолаушылар және жүк тасымалдауындағы негізігі көлік түрі пойыз болып табылады. Қазақстанда темір жолдардың ұзындығы 15 мың километрден асады. 16 түйіспелі пункт Қазақстанның темір жол жүйесін іргелес жатқан мемлекеттермен байланыстырады: 11-і Ресеймен, біреуі Қырғызстанмен, екеуі Өзбекстанмен және Қытаймен. Бүгінгі күнге жолаушыларды 116 бағдар бойынша тасымалдау жүзеге асырылады.
Қоғамдық көлікСонымен бірге,Қазақстанда халықты белгілі бір кесте және бағдар бойынша тасымалдауға арналған қоғамдық көлік жүйесі жақсы дамыған. Барлық қалаларда бағдарлық автобус жүруде, ал кейбір қалаларда әлі де трамвай паркі әрекет етеді. Алматыда метро бар. Такси шақырту қызметтерін немесе дербес қолдануға арналған жалға берілетін автокөліктерді де пайдалануға болады.
Қоғамдық вело-көлікЖаз кезінде велосипедтер көп қолданыс табады. Ірі қалаларда оларды жалға алуға болатын арнайы орындар бар.
Такси қызметіЕгер де сізге бір күннің ішінде бірнеше жерге бару қажет болса, Қазақстанда такси қызметі керек болады, ал қалған жағдайларда қоғамдық көлік жүйесін қолданған ыңғайлы. Кішігірім топ қатарында саяхат жасаушы туристерге Қазақстанда такси қолдану тиімді. Сонымен бірге, такси қызметі қалаларға таяу жерлерге де сапар жасауға ыңғайлы. Көлік төбесінде сары белгісі бар автокөліктерді әр уақытта әуежайлардың, метро станциялардың және автобус аялдамаларының маңында табуға болады. Оған қоса, олар сауда орталықтарының және базарлардың қасында жолаушыларды күтеді.