Қазақстандағы сағаттық белдеулер

Қазақстанның сағаттық белдеулері туралы ақпарат
  1. Басты бет
  2. Қазақстандағы сағаттық белдеулер

Қазақстан Республикасының аумағы ресми  түрде екі сағаттық белдеуге  (UTC+5 және UTC+6) бөлінген, дегенмен, шын мәнінде ол төрт географиялық сағаттық белдеуде орналасқан: UTC+3, UTC+4,UTC+5, UTC+6.

2005 жылы жазғы уақытқа өту күшін жойды, яғни Қазақстанда көктем мен күз мезгілдері уақыт ауыспайды.

Көршілес елдермен уақыт айырмашылығы

Ресей:

  • -1 сағат – Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының Саратов және Астрахань облыстарымен (самаралық уақыт) шекарасында және Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының Челябинск, Курган және Тюмень облыстарының (Екатеринбург уақыты) шекарасында.
  • 0 сағат – Ақтөбе облысының Оренбург облысымен (Екатеринбург уақыты) шекарасында және Павлодар облысының Омск облысымен (Омск уақыты) шекарасында.
  • +1 сағат - Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен (Краснояр уақыты) шекарасында.

Түрікменстан:

  • 0 сағат– Маңғыстау облысының Балқан велаяты шекарасында.

Өзбекстан:

  • 0 сағат– Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының шекарасында.
  • -1 сағат– қалған шекара бойындағы облыстарда.

Кырғызстан:

  • +0 сағат.

Қытай:

  • +2 сағат.