Қазақстандағы тілдер

Туристік сапарларды жоспарлаған кезде, міндетті түрде, Қазақстанның түрлі өңірлерінде тілдердің меңгерілуінің деңгейі туралы ақпаратты есепке алған жөн
  1. Басты бет
  2. Қазақстандағы тілдер

Еліміздегі мемлекеттік тіл мәртебесі – қазақ тіліне тиесілі. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі қолданылады.

Жергілікті халықтың 80-90 пайызы орыс тілінде тілдесіп, ойын еркін жеткізе алады. Шығу туризміне мамандандырылған туристік кәсіпорындарда, ірі қалаларда орналасқан қонақ үйлерде, мейрамханалар мен дүкендерде жұмыс жасайтын қызметкерлердің барлығы дерлік ағылшын тілін меңгерген.

Қазақстанда саяхаттамақ ниетіңіз болса, иелігіңізде қазақша-орысша-ағылшынша тілашар сөздік табылып жатса, артық етпесі анық. Бір жағынан саяхат барысында орнауы мүмкін түсініспеушіліктің алдын алып жатсаңыз, екінші жағынан алыс-жақын шетелден келген қонақтармен аз-маз сұхбаттасып, солайша өзіңіздей туристерге көмегіңіз тиетін болса нұр үстіне нұр болары анық.

Төмендегі кестеде саяхатшылар арасында ең жиі қолданылатын сөздер мен тіркестер топтамасын назарыңызға ұсынамыз. Интернет желісінің дәурендеп тұрған шағында қазақша айтар сөзіңізді қас қағым сәтте әлемнің кез келген тіліне тәржімалап беретін «Google Translate» сияқты онлайн-аудармашылар да жетіп артылады. Кей шалғай аудандарда интернетке шығу қиындық тудыруы мүмкін. Сол себепті, оффлайн түрде жұмыс жасайтын «аудармашы» қосымшаларды және “тілдік пакеттерін” алдын ала жүктеп алуға кеңес береміз.

Қазақстандағы тілдер жайлы қызықты деректер:

  • жергілікті халықтың кем дегенде 3 тілді: қазақ, орыс, ағылшын, еркін қолданып, жетік меңгеруі – мемлекеттік деңгейде қолға алынған бастама;
  • қазақ тілі – түркі тілдері тобындағы ірі тармақтардың бірі болып табылады;
  • 2017 жылы қазақ тілі әліпбиі кирилл қарпінен латын қарпіне ауысуы жөніндегі жарлыққа қол қойылды. Үрдіс кезең-кезеңмен ұйымдастырылып, 2025 жылға дейін толық орындалады деп жоспарланған.

Саяхатшылар арасында ең жиі қолданылатын сөздер мен тіркестер:

Сәлеметсіз бе?Здравствуйте!СәлемПриветСау болыңыз!До свидания!Менің атым ...Меня зовут ...Мен туристпін / Біз туристпізЯ турист / Мы туристыМен Ресейден келдім / Біз Ресейден келдікЯ приехал (-а) из России / Мы приехали из РоссииРахметСпасибоКешіріңізИзвините (Простите)КөмектесіңізшіПомогите, пожалуйстаЕң жақын дүкен қай жерде?Где ближайший магазин?Мен адасып кеттімЯ заблудился (-ась)ТүсінбеймінНе понимаюБұл қай жерде?Где это находится?Мына жерге қалай жетуге болады?Как можно дойти (доехать) до этого места?Көрсетіп жіберіңізшіПокажите, пожалуйстаОңға бұрылуПовернуть направоСолға бұрылуПовернуть налевоАлға / Тіке / ТураВпередАртқаНазадБұл жерде интернет бар ма?Здесь есть интернет?Интернетке қалай қосылуға болады?Как можно подключиться к интернету?Телефон соғуға бола ма?Можно позвонить по телефону?Телефоным отырып қалдыНа моем телефоне села зарядкаКөлігіміз сынып қалдыНаша машина сломаласьҚанша тұрады?Сколько это стоит?Такси қайдан табуға болады?Где можно найти такси?