Қазақстан кең - байтақ ел
- Басты бет
- Қазақстан кең - байтақ ел
Қазақстан Республикасы – мемлекет аумағының ауданы бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орынға ие. 2 724902 шаршы километр!Солтүстік және батыста Ресеймен (шекара ұзындығы – 7548,1 км), шығыста –Қытаймен (1782,8 км), оңтүстікте – Қырғызстанмен (1241,6 км), Өзбекстанмен (2351,4 км) және Түрікменстанмен (426 км) шекаралас.Мұхитқа тікелей шыға алмайтын ең ірі мемлекет болып саналады. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік-батыста Арал теңізімен шайылады.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша мемлекет 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаларға бөлінеді: Астана, Алматы және Шымкент. Сонымен қатар, ерекше маңыздылыққа ие, 2050 жылға дейін Ресеймен жалғаалынған Байқоңыр қаласы орналасқан. Қала жанында аттас ғарыш айлағы жайғасқан,оған қоса, ол туристердің сапарларына қолжетімді.
Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас унитарлы мемлекет.Конституцияға сәйкес, ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы еңқымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтікмемлекет ретінде орнықтырады.
Мемлекет басшысы Президент – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды. Заң шығаруқызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Ол елдің солтүстік аумағында, Есіл өзенінің бойында шоғырланған. Есілдің сол жақ жағалауында қала символы – биіктігі 97 метр, заманауи момумент "Бәйтерек" көкке ұмтылып тұр.Мұнараның шолу алаңынан қалаға көрікті панорамалық көрініс ашылады. 2017 жылдыңмаусым айында Қазақстан астанасы миллионер-қала мәртебесін иеленді. Оныңэкономикасының негізін – сауда, көлік және байланыс, құрылыс құрайды.

Сонымен бірге,халқы 1,8 миллионан асатын, ірі қалалардың бірі, елдің мәдени және қаржы-экономикалық орталығы болып саналатын – Алматы қаласы. Ол Еуразия құрлығының орталығында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Тянь-Шань тауларының ең солтүстік тау қырқасы -Іле Алатауының тау етегінде орналасқан. Бұл нүктеден көптеген туристік бағыттар бастау алады. Бірнеше күндер ішінде-ақ саяхатшылар таулардың қарлы шыңдарына шығып, шөл көріктеріне қарай алқапқа да түсе алады.

2018 жылдың маусым айында Шымкент қаласы да республикалық маңызы бар қалаға айналды.Одан алдын, Шымкент Оңтүстік Қазақстан облысының (қазіргі күндері Түркістан облысының) әкімшілік орталығы болған. Шымкент – халық саны бойынша үшінші, алқамтып жатқан аумағы бойынша бірінші орында, ол – Қазақстанның ең ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі.
Қазақстан –бұл, полиэтникалық мемлекет, мұнда 120-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері бірлікте өмір сүреді, сол себептен толеранттық қағидалар мемлекеттік саяси дәрежеде қаланған.
Қазақстан советтік поликонфессиялық мемлекет болып келеді. Негізгі, кең таралған дінді конфессиялар: ислам және христиан діндері.

Мемлекет пайдалы қазбалар қорына бай. Мемлекет қаржы табысының басты көзі – мұнай және мұнай өнімдерінің экспорты. Ауыл шаруашылығының саласы да дамып келе жатыр.Бидай экспорты да республика экономикасына валюталық түсімдердің негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Қазақстанның климаттық жағдайлары, олардың алуан түрлілігі мал шаруашылығының өркендеуіне айтарлықтай потенциалдық мүмкіндіктер береді. Қазақстанда дәстүрлі түрде қой,жылқы, түйе және де ірі қара мал шаруашылығымен айналысады.
Алайда жақын уақыттан бері мемлекет басшысының өзі экономиканың басым саласы етіп туризмді белгіледі. Дегенмен, туризм дамуымен байланысты инфрақұрылымның, көлік логистикасының және басқа да аспектлерінің жақсаруына байланысты алда әлі де жұмыстар көп болса да, Қазақстан есіктері қонақтарға әрқашан да ашық, ал құшақ жайыпқарсылап алу, кей-кейде, белгілі болғандай, бес жұлдызды қонақ үйлерде тұрудан маңыздырақ! Ғасырлар бойы келе жатқан қазақ қонақжайлылық бүгін де өзекті.
Қазақстан көруге тұрарлық қызықтарға мол! Ландшафтардың, өсімдіктер және жануарлар әлемінің әртүрлілігі. Мұнда көне мәдениет пен әдет-ғұрыптар қазіргі заман өмірімен, ал түркі өркениетінің шығыс салт-дәстүрлері батыс модернімен көршілес. Біз, сіздерге, керемет Қазақстанға саяхат жасап, оның көрікті жерлерімен танысуға ұсыныс жасаймыз!