Turan-Asia Алматы
Уақыт - сенімділіктің ең жақсы дәлелі. 1994 жылы 5 ақпанда негізі қаланған «TURAN ASIA» ЖШС қазақстандық туристік бизнестің көшбасшыларының бірі ретінде танымал. 20 жылдан астам уақыт бойы компания Қазақстанның туристік әлеуетін әлемде дамытуға және өз азаматтары үшін жаңа елдерді ашуға қамқорлық жасап келеді. Біз Қазақстанды жақсы көреміз. Адам қолы тимеген жабайы таулар мен далаларға тамсанамыз, көне мәдениеті мен заманауи қалаларын мақтан тұтамыз, көшпелі қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтейміз. Біздің мақсатымыз – бүкіл әлемге Қазақстанның көркін ашу. Сондықтан біз туристік бизнесте кәсіби маманға айналдық. Қазақтың қонақжайлылығы Тұран Азияның басты құндылығы болған, болып келеді және болып қала бермек. Әрбір турист біздің қонағымыз.



